Сот шешімі бойынша оған айыппұл салынды. Оқиға Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойында орналасқан үйлердің ауласында болған.
Себебі, келіншек жанжал кезінде кәмелетке толмаған қыздың шашын тартып, қол көтергені үшін әкімшілік құқықбұзушылық жасады деп табылды. Сондықтан ол ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-тармағында «ұрып-соғуға» қатысты жазаға тартылды. Денсаулығына зиян келтірмесе де, ұрғаны үшін 27 780 айыппұл салынды.
Сөйтсе, аулада ойнап жүрген екі бала сөзге келіп қалады. Оны байқап қалған шешесі балалардың арасына түскен. Ол қызын қорғамақшы болып жанындағы баланы ұрсып, түртпектей бастаған. Тіпті жанындағы әпкесін басынан екі-үш рет түйіп, арқасынан салып-салып жіберген. Ол болса сіңлісін қорғаған.