Қылмыс саны азайды
Қылмыс саны азайды
307
оқылды

Өткен апта жамбылдық полицейлер үшін ерекше іс-шараларға толы болды. Бір күнде бірден бес фронт-кеңсе ашылды, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев биыл екінші рет халыққа есеп беру кездесуін өткізді. Ал жұма күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков патрульдік полиция қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті.

Облыс тұрғындарымен кез­де­су Ы.Дүкенұлы атындағы қа­ла­лық мәдениет үйінің мәжі­ліс залында өтті. Кездесуге кел­­­ген халықтың көпшілігі зал­ға сый­мады. Өзінің кіріспе сө­зін­­де Арман Оразалиев құқық қорғау органдары ашықтық пен жариялылық қағидаттарын енгі­зу, азаматтардың өтініштеріне же­дел ден қою, халықпен тығыз бай­ланыс орнату бойынша мақ­сат­қа бағытталған жұмыстар ат­­­­­қа­­ры­лып жатқанын атап өтті.

– Айта кетерлігі, кездесуде түр­лі аспектілер бойынша то­лық тү­сініктеме беруге дайын по­ли­ция департаментінің әр­­­түрлі қыз­меттері мен бас­қар­ма­ла­ры­ның барлық басшысы отыр. Сондықтан кейбір көтерілген мәселелерді біз бірден шеше ала­мыз, – деді департамент бастығы.

Тұрғындармен ашық диалог­қа кіріспес бұрын Арман Мол­дияр­ұлы облыстық ішкі істер орган­дарының ағымдағы жылдың сегіз айындағы қызметінің қо­ры­­­тындысы мен алдағы ке­зең­­ге ар­­­налған жоспарлары ту­ра­лы қыс­­қаша айтып өтті. Бас­ты көр­сет­­кіштер – жалпы қыл­мыс­тар­дың 12 пайызға (6 464-тен 5 680-ге дейін) төмендеуіне қол жет­кізілді, кісі өлтіру, тонау, қа­рақ­­шылық шабуыл, алаяқтық, бұ­зақылық, ұрлық, соның ішінде мал ұрлығы және ұялы телефон мен пәтер ұрлығының саны азай­ды.

Облыс орталығында жаяу пат­рульдер саны артып, бейне­ба­қылау жүйесі кеңейтілуде, қо­лай­сыз аудандарда тұрақты жұ­мыстар жүргізілуде. Алдын алу шараларының нәтижесінде қо­ғамдық орындарда және кө­ше­лерде жасалатын қылмыстар саны айтарлықтай қысқарды. Полиция департаментінің бас­тығы заңнамаға енгізілген өз­ге­ріс­тердің нәтижесінде енді ұры­ларды бірнеше рет жа­сал­ған құқықбұзушылық қағи­даты бойынша қылмыстық жауап­кер­шілікке тартуға болатынын атап өтті. Сондай-ақ Тараздың орталық зиратындағы вандализм мәселесін де айналып өтпеді.

– Барлық өтініштер бойынша қыл­мыстық істер қозғалып, «бір­неше рет» жасалу белгісін қол­дана отырып, ұсталған тұл­­ғаларды жауапкершілікке тар­ту бойынша шаралар қол­да­на­мыз. Алдағы уақытта осындай деректерді болдырмау үшін зи­рат аумағын патрульдеу ба­ғы­ты, сондай-ақ металл қа­был­­­­дау бекеттерін тексеру жұ­мыс­­­­­тары қарастырылған, – деп то­­­лықтырды сөзін Арман Оразалиев.

Есірткі қылмысына қарсы күреске келетін болсақ, заңсыз айналымнан екі тоннадан астам түрлі есірткі, 6 келіден астам ге­роин және 115 келіден астам гашиш есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ синтетикалық есірт­кінің таралуына байланысты жар­нама жасаған 19 сайт анықталды.

Іс-шара «Cұрақ-жауап» форматына өткен соң, бірнеше қала тұрғындары өздерінің учас­келік инспекторларына ал­ғы­сын білдіріп, полиция қыз­мет­кер­ле­рі­не моральдық қолдау көрсетті. Нақты мәселелер бойынша айтар болсақ, Бекболат Сейдахметов есім­ді ақсақал А.Асқаров көшесі бойында орналасқан орталық базарға жақын жолға бағдаршам ор­натуды сұрады. «Шалғай Қа­ра­су» ауданының тұрғыны Әйгерім Жалабай балалар алаң­қай­ла­ры­­ның маңында жиі кез­дес­ті­ру­ге болатын қаңғыбас иттерге қатыс­ты шара қолдануды сұрады. Осы және басқа да мәселелерді Арман Оразалиев жеке бақылауға алды, кейбір мәселелер осы жерде ше­шіл­ді.  

Ал Тараз қаласының ор­та­лық алаңында Арман Ораза­лиев облыс әкімінің бірінші орын­­басары Бекболат Орын­бе­ков­­пен бірге патрульдік поли­ция қызметкерлеріне жаңа авто­кө­ліктердің кілтін табыс етті. Құқық бұзушыларды іздеу және құрықтау бойынша заманауи жаб­дықтармен жабдықталған жоғары өтімді 102 автокөлік өз иелеріне табыс етілді. Биыл шіл­де айында 131 автокөлік учаскелік инспекторларға берілген бола­тын, ал 2020 жылы әрбір УПИ кө­­лік­пен қамтамасыз ету жос­парда қарастырылған. Бұл ең алды­мен облыстың шалғай ауыл­да­рындағы криминогендік жағ­дай­­ды жақсартуға мүмкіндік береді.

Арман Оразалиев құ­қық қор­­ғау органдарына айтар­лық­­­тай қолдау көрсеткені үшін облыс әкімдігіне алғыс біл­­діріп, патрульдік полиция қыз­меткерлеріне өз әріптестері А.Есенов пен Қ.Әбсаттаровтан үлгі алу қажеттігін айтты. Олар осы жылдың сегіз айында 1,5 мың­нан астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтаған.

 

Жамбыл облысы