Қыз ұрлаймын деп қамалды
Қыз ұрлаймын деп қамалды
314
оқылды

Кез келген ел үшін ата-бабалар дәстүрі – тарих­тың мызғымас бөлігі. Сон­­­­­дықтан оларды әрбір азамат есте сақтап, қас­тер­леуі тиіс. Ата-баба­лар­дан қалған тамсанар дәс­түрлер қазақ халқында өте көп, бірақ қазіргі заман жағдайында олардың кей­бі­реуін жастар дұрыс түсіне бермейді.

Жуырда Қордай аудандық сотының үкімімен Түркістан облы­сының төрт тұрғыны қыз ұрлағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды және автокөлік қылмыс құралы ретінде тәркіленіп, мемле­кет кірісіне алынды.

Оқиға өткен жылдың күзінде жігіттің Жамбыл облысы Қордай ауданында тұратын қызбен таны­суы­нан басталған екен. Жастардың әлеуметтік желі арқылы қысқа қарым-қатынасы, жігітте қызды алып қашу ойы пайда болуына әкеледі.

Ұзақ ойланбастан жігіт үйлену мақсатында, өзінің үш танысымен келісіп, Қордай ауданына авто­кө­лік­пен келді. Мұнда келген соң, ұялы телефонға қоңырау шалып, қызға кездесуді ұсынды, бірақ ол басында бас тартты. Алып қашу ойынан танбаған жігіттер қызды үй жағында күтіп, оны көшеде қарсы алды. Қыздың қарсы­лық көрсетіп бас тартуына қарамастан, олар оны көлікке күштеп салып, Түркістан облысына жол тарта­ды. Алайда полиция қыз­мет­кер­лері «барымташыларды» Тараз қала­сы­нан шыға берісте ұстайды.

«Егер бұрын қалыңдықтың ұрлануы қазақ дәстүрінде болса, қазіргі заман талабы бойынша ол қылмыс болып есептеледі» дейді құзырлы сала қызметкерлері.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы жігіттердің қызды алып қашуы сияқты ойланбай істе­ген іс-әрекеттері үшін 15 жыл­ға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылып, ауыр зардаптарға ұшырауы мүм­кін екендігін түсіндіреді. Сон­дай-ақ ұрланған адамды өз еркі­мен босатқан адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құра­мы болмаса, қылмыстық жауап­ты­лық­тан босатылады.

 

Жамбыл облысы