Семейде хирург жүрегі екі рет тоқтаған әйелді өлімнен құтқарып қалды
Семейде хирург жүрегі екі рет тоқтаған әйелді өлімнен құтқарып қалды
Фото: Интернеттен алынды
267
оқылды
Хирург ауруханаға жеткенше (150 км) әйелдің жасанды тыныс алуына көмектескен. Оның айтуынша, тұзды судан өкпе қатты ісіп кетеді. Ауруханаға бара жатқанда әйелдің жүрегі екі рет тоқтаған. Хирург ауырған әйелге 150 шақырым бойы реанимациялық процедура жасайды. Осылайша, пациентті ауруханаға жеткізеді және жағдайы ауыр науқас келе жатқанын реанимациялық бригадаға ескертіп үлгереді. Пациент шұғыл түрде жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Newtimes-тың жазуынша, қазір ол өз-өзіне келді. «Пациент жақында палатаға ауысуы мүмкін. Осындай адамдарды үлгі қылуға болады. Марапаттау керек. Базар Масхұтұлы, кәсібилігіңізге, өмірді сақтап қалғаныңызға рақмет. Сіз – нағыз батырсыз!» – деп жазды белгілі блогер Александр Цой.

Айта кетейік хирург Базар Масхұтұлы – Nur Otan партиясының мүшесі. Ол бұған дейін де талай жанның өміріне араша болып, елдің ықыласына бөленіп жүр.