27 қыркүйекте сағат 11.00-де Nur Otan партиясының облыстық филиалында «Ертіс» телеарнасымен бірлескен «Фракция күні» жобасы басталады.
Партияның Павлодар облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен арнаның тікелей эфирінде азаматарды Nur Otan партиясының парламенттік фракциясының мүшелері мен мемлекеттік органдардың мүшелері қабылдайды.
Тікелей эфирде жұмыс аяқталғаннан кейін "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауов он мүгедек арбаны табыс ету шарасын өткізеді.