"20 қыркүйектен бастап қатаң карантин енгізіледі": Есмағамбетова түсініктеме берді

"20 қыркүйектен бастап қатаң карантин енгізіледі": Есмағамбетова түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде 20 қыркүйектен бастап елімізде қатаң карантин енгізілетіні туралы сөз шықты. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Елімізде әлі де карантин сақталып отыр.Әзірге оны қатаңдату шаралары жоспарда жоқ. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім қабылданатын болады. Біз күнде еліміз бойынша ғана емес, әрбір өңірде, елдімекендердегі жағдайға мониторинг жүргізіп отырмыз", - деді Бас санитарлық дәрігер.
Айжан Есмағамбетова көпшіліктен тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.