Фируза Шарипова бокстағы мансабын аяқтады
Фируза Шарипова бокстағы мансабын аяқтады
5,303
оқылды

Қазақстандық боксершы Фируза Шарипова өзінің спорттағы мансабын аяқтағанын хабарлады. Оның сөзінше мұндай шешімге қаржылық қолдаудың болмағанынан келген. Шарипова WBC титулы үшін шаршы алаңға шықпақ болған, алайда өзіне уәде етілген көмекті алмаған.

«Құрметті достар! Мен өзімнің спорттағы мансабымды аяқтаймын деп шештім. Жаттықтырушыларыма, менеджеріме, өз құрамама шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз бірнеше рет Қазақстан рекордын жаңарттық. Қазақстанда бізден басқа ешкім кәсіби бокста аз ғана уақыт ішінде мұндай көрсеткішке қол жеткізген жоқ», - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

«Өкінішке орай кәсіби бокста соңғы титулға қол жеткізуге бір ғана қадам қалғанда тоқтап қалдық. Біз Қазақстан үшін WBC титулында чемпиондықты 2018 жылы жеңбек болған едік, бірақ қаржылық себептерге байланысты мұны істей алмадық. Бізге WBC әлем чемпионы атағын алу үшін бірнеше рет қаржы бөлеміз деп уәде берді, бірақ олай болмады.

Екі жыл бойы осы титулды жеңіп аламын деп дене-бітімімді сақтап келемін. Мен күтуден шаршадым», - деген Шарипова бұған дейін талай рет уәде берілгенін, алайда оның бәрі орындалмағанын алға тартты.

Сөз соңында боксшы өз жанкүйерлеріне алғысын білдірді.