Енді Қазақстанның әрбір азаматы үйден шықпай-ақ білікті заңгердің кеңесін тегін ала алады.
Ол үшін ZOOM қосымшасын орнатып, сілтеме бойынша өту қажет: https://clck.ru/Qjy2P. Азаматтарды қабылдау виртуалды кабинетте дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00 - 18.00 аралығында өтеді.
«Әр адамға сапалы құқықтық кеңес қажет. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік қызметтің басым міндеттерінің бірі мұқтаж жандарға заңгерлік көмек беру деген болатын. Бірақ құқықтанушы мамандар қызметінің бағасы барлығына бірдей қолжетімді емес. Сауатты заңгерлердің кеңесі уақытында берілген болса, біраз кейстерді шешуге болатын еді», – деп атап өтті клиницист-студент Рамазан Әзіретқұлов.
Заң клиникасы директорының айтуынша, азаматтық, отбасылық немесе еңбек мәселелері бойынша хабарласуға болады. Клиницист-студенттердің жауаптары алдын ала кәсіби заңгерлердің тексеруінен өтеді.