Шарын шатқалында "селфи жасаймын" деген голландық тайып құлап, қайтыс болды
Шарын шатқалында "селфи жасаймын" деген голландық тайып құлап, қайтыс болды
442
оқылды

Шарын шатқалында "селфи жасаймын" бір адам қаза болды. 74 жастағы голландиялық азамат 10 метрлік жерден құлап кеткен. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.


Бұл оқиға 18 қыркүйек күні болған. Алматы облысындағы Шарын шатқалы аумағында бір адам қаза болды. Ол - Нидерланды корольдігінің азаматы екен. Туристік топтың құрамында болған.  

Шарын шатқалында суретке түсу кезінде 10 метр биіктіктегі жардан құлап кеткен. Турист оқиға орнында көз жұмды.

Топ құрамында 21 адам болған. Барлығы шетел азаматы.

Туристік топ Көлсай көліне Алматы қаласындағы туристік компанияларының бірімен шыққан екен.

Қайтыс болған азамат  74 жаста екен.