Ақтөбедегі 87 дебаттың алғашқысы өтті – Праймериз-2020
Ақтөбедегі 87 дебаттың алғашқысы өтті – Праймериз-2020
264
оқылды
Nur Otan партиясы партияішілік сайлауы – праймеризге қатысқан кандидаттардың жария пікірсайысы басталды. Ақтөбе қаласынан тіркелген кандидаттардың жеребе арқылы анықталған бірінші тобы сөз сайысына түсті. Олар бірінші кезеңде нақты елді мекендердің мәселесін шешу бойынша өз көзқарастарын білдірді. Ал екінші кезеңде бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп, түрлі тақырыпта ой өрбітті. Ақтөбе

– Праймеризге Ақтөбе облысынан тіркелген 486 кандидат 7 қыркүйектен бастап партияластарымен бетпе-бет және онлайн әдісімен кездесулер өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бүгін міне, жария пікірсайыстарға қатысып жатыр. Олар өңіріміздің өзекті мәселелерін ашық көтеріп, нақты шешімдер ұсынуы тиіс. Осындай түрлі ой-пікірлердің тоғысынан келелі ой, кемел идеялар туындайды, – деді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов.

Праймеризге қатысушылардың арасында білім саласындағы қордаланған мәселелерді шешуге, экологияны жақсартуға өз ұсынысын айтқандар болды. Сондай-ақ жол сапасын жақсартуға жаңа технологияларды пайдалану, аулаларды абаттандыру мақсатында елімізде жоқ тәжірибелерді ұсынды. Ақтөбе Айта кету керек, жария пікірсайыс 30 қыркүйекке дейін облыс бойынша 16 жерде 87 рет өтеді. Барлық кандидаттар үшін жария дебаттарға қатысу міндетті.