1 қазаннан кейін берешегі бар кәсіпкерлер де салық рақымшылығына ілігеді. Бұл жайында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл есептелген өсімпұл мен айыппұлдан құтылуға мүмкіндік береді.
Бүгінде Алматы қаласы бойынша 42 114 салық төлеуші жалпы сомасы 8 млрд теңге төлеген, олардың 2,4 млрд теңге өсімпұлы мен 190 млн теңге айыппұлы есептен шығарылған.
Жауапты ведомоство осы ретте салық рақымшылығының жыл аяғына дейін ұзартылғанын хабарлап, салық төлеушілерді бар мүмкіншілікті қолдануға шақырады. Бұл есептелген өсімпұл мен айыппұлдан құтылуға мүмкіндік береді.