"Карантин қайта енгізілуі мүмкін": ДДСҰ мәлімдеме жасады

"Карантин қайта енгізілуі мүмкін": ДДСҰ мәлімдеме жасады

Дүниежүзінде карантин қайта енгізілуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус осылай деді.

"Көп адамнан айырылдық, экономика құлдырап кетті. Әлемдік экономика рецессияға ұшырады. Еуропа да осындай көрініс. Коронавирус пандемиясынан көп ел қатты зардап шекті.

Қазір наурызбен салыстырғанда күнделікті ауру жұқтырғандар көп. Өлім-жітім көрсеткіші төмен. Десек те, әр өлім - трагедия. Егер біз коронавирустың таралуын ауыздықтамасақ, адамдар өле береді. Сондықтан карантин қайта оралуы мүмкін", - деді Тедрос Аданом Гебреисус ДДСҰ еуропалық өңірлік бюросында өткен отырыста.