Маңғыстау облысында шенеунік шектеулерге қарамастан той ұйымдастырған
Маңғыстау облысында шенеунік шектеулерге қарамастан той ұйымдастырған
© Сурет ғаламтордан
277
оқылды
Маңғыстау облысында карантин кезінде мерекелік той өткізу фактісіне тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев түсініктеме берді. Айта кетейік, әлеуметтік желілерде пайда болған видеода пайдаланушылар Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекованы таныды. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, мерекелік іс-шара жеке үйдің ауласында өткізілді.
"Лауазымды тұлға Маңғыстау облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425 - бабының 1-бөлігі бойынша түсініктеме беру және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін шақырылды", - деді Байтанаев.
Осы бапқа сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК немесе 83 340 теңге, лауазымды тұлғалар үшін – 230 АЕК немесе 638 940 теңге.