Итбалықтар жойылу алдында тұр
Итбалықтар жойылу алдында тұр
594
оқылды
Каспийде мекендейтін итбалықтар азаюда. Бүкіл әлемде жоқ итбалықтар бізде ғана бар. Жергілікті тұрғын­дардың айтуынша, осыдан отыз жыл бұрын Ақтау қа­ласының жағажай­ла­рын­да итбалықтарды жиі кездестіруге бола­тын. Сол кезде олар Жайық өзе­ні­­нің бойы­мен Аты­рау­ға жү­зіп кел­­­се, қа­зір тіп­тен көрін­­бей­­­ді. Кез­­де­ссе де Кас­­­­пийдің алыс жер­ле­­рінде ға­на бо­луы Міне, итбалықтардың жойылып бара жатқанын Гидробиология және экология институтының өкілдері талай рет көтерді. Негізі бұл – Каспий итбалықтарын сақтау және құтқарумен айналысатын Қазақстан­дағы жалғыз мекеме. Олардың мәлімдеуінше, Каспий итбалығы – азық-түлік тізбегінде жоғары орын алатын Каспий теңізіндегі жалғыз сүтқоректі. Ол негізінен Каспий теңізі экожүйесінің индикаторы болып саналады. Себебі қор­шаған ортадағы болып жатқан өз­герістер оның өсіміне қалай әсер ете­тінін байқауға болады. Соңғы кезде итбалықтар ауырып, қырылып жатқа­нына қарап, теңіздің экожүйесі бұ­зыл­ғанын көрсетеді. Ал бұл – алаңдататын мәселе.

– Каспий итбалықтары жойы­лып бара жатқан түр ретінде  2008 жылдан бастап Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енген. ХХ ғасырдың басында оның саны миллионға жуық еді. Бірақ 2005-2012 жылдар аралығында жүргізілген антенналық зерттеулерге сәйкес, 90 пайызға азайған. Сонда бар-жоғы 100 мыңға жуығы қалды, – дейді оператор және экологиялық білім беру маманы Әсел Баймұқанова.

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап итбалықтардың терісі үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, жаңа туған күшік­терінің ақ терісі бағалы болды. Сондықтан да итба­лықтардың саны күрт азайып кетті. Браконьердің кесірінен тыныштығын жоғалтқан итбалықтар әлсірей түскен. Оның үстіне, теңіздің ластануынан жануарлардың иммунитеті төмендеген. Соның салдарынан ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында 30 мыңнан астамы өлді. Ал аман қалған аналығының тең жартысында ұрпақ жалғастығы тоқтап қалды.   Анар ҚОНЫС