Алматыда акцизделмеген 18 мың қорап темекі тәркіленді

Алматыда акцизделмеген 18 мың қорап темекі тәркіленді

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлеңкелі айналымға түскен акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерінің 17 990 данасын тәркіледі.

Темекі өнімдерін заңсыз сату мемлекетке және темекі өнімдерін сатумен айналысатын бизнес субъектілеріне едәуір залал келтіреді, сонымен қатар денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Өкінішке орай, кейбір салық төлеушілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын елемей, темекі өнімдерін акцизсіз және заңдарды бұза отырып сатуда.

 

Тәркілеуге түскен темеке маркалары:

- Fast темекілері - 7 500 дана;

- Credo темекілері - 4 000 дана;

- Prestige темекілері - 4 500 дана;

- Esse темекілері -  1 490 дана;

- Mond темекілері - 1 000 дана;

- D&J темекілері - 500 дана.

 

Сонымен қатар, Департамент алкогольді ішімдіктердің заңсыз айналымы саласында да белсенді жұмыс жүргізуде.

2019 жылдың 9 айында Алматы қаласының мемлекеттік кірістер органдары тексеру шараларын жүргізу барысында жалпы сомасы 408 млн теңгені құрайтын 1 млн 974 мыңнан астам бөтелке алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды.