Алматы ЖЭО-2 газбен жұмыс істейтін болады
Алматы ЖЭО-2 газбен жұмыс істейтін болады
808
оқылды
Бұл туралы бүгінде қоршаған ортаға тигізетін әсерді мейлінше азайту бойынша жұмыс жүргізіп жатқан «Самұрық-Энерго» АҚ-да айтылды. Сайып келгенде, Алматы қаласының экологиясын жақсарту ісінде маңызды қадам жасалуда. Өйткені атмосфералық ауаның сапасына жұмысы кері әсер ететін  нысандар қалада баршылық. Олар автокөлік, қоғамдық көлік және жеке сектордың ауаға зиянды шығарулары, жылу мен энергияны көмір пайдалану арқылы өндіретін өзге де кәсіпорындар болып әрі қарай жалғасып кете береді. Оның үстіне, қаланың алдында көгалдандырумен, жел режимін ескере отырып құрылыс жүргізумен, отынның сапасымен және тағы басқа да жғдайлармен байланысты мәселелерді шешу тұр. ЖЭО-2-ні жаңғыртудың көптеген нұсқалары қарастырылды. «АлЭС» АҚ-ның тапсырысы бойынша бұл жұмысты энергетика саласында құрылыс жүргізудің 60 жылдық тарихына ие, жылу энергетикасы саласындағы жобаға дайындық және жобалау жұмыстарының кең ауқымын атқаратын «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» жобалау институты жүргізді. ЖЭО-2-ні табиғи газ жағуға көшіру атмосфераға зиянды заттар шығаруды азайтудың және станса әсерін тигізетін зонада ауаның сапасын жақсартудың ең тиімді жолы екені еш күмәнсіз. Сол арқылы атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылдық саны 80 пайыздан астамға қысқарады. Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ тарифтік салмақтың мейлінше төмендеуі міндетті түрде қамтамасыз етілуін және жобаның толық ақталуын ескере отырып, оны қаржыландырудың тиімді көздері мен қаржыландыру тәсілдерін тарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Осылайша, компания жылу және электр энергиясының негізгі тұтынушылары болып табылатын қала тұрғындарының барлық мүдделерін ескереді.