Instagram-дағы парақшасында: «Отан, халқымыз өзімізден де қымбат болуы тиіс!», – деп жазды Қуат Хамитов.
Кеше кешкісін Қуат Хамитовты әлеуметтік желідегі жазбасы үшін полиция тергеп жатқанын жазған болатынбыз.
[caption id="attachment_72382" align="aligncenter" width="651"] Фото: Әлеуметтік желіден алынды[/caption]
Еске сала кетейік, кеше Instagram-да Қуат Хамитовтың билікке бағынбауға шақырған видеосы таралған еді.
https://youtu.be/9MIAnqZFB3s
Құқық қорғау органдары Қуат Хамитовтың қатысуымен зорлық-зомбылыққа шақыру туралы видео тарағанын анықтағанын хабарлады.
«Бұл факт ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Азамат Хамитов Қуат тиісті іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін ДП-ға жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Азамат Хамитовтың іс-әрекетіне түбегейлі баға беріледі», – деп хабарлады полиция.