Жастарды қолдауға әзір
Жастарды қолдауға әзір
354
оқылды

Nur Otan партиясының Қостанай облыстық өңірлік филиалында депутаттық фракция отырысы өтті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жүктелген міндеттер талқыланды.

Жиынға қатысушылар саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталып, оның қа­зақстандықтардың табысын арт­тыруға, әлеуметтік жағдайын жақ­сар­туға, халықтың әл-ау­қа­тын арттыруға бағытталғанын атап өтті. Білім мен денсаулық сала­сы ұдайы басты назарда бола­ды. Осы бағытта өңірде бірқа­тар жоба іске асып
жатыр.

– Балаларды оңалтуға ар­нал­ған шағын және орта орта­лық­тардың санын көбейту – ұдайы назарда. Бүгінде №2 Қостанай мектеп-интернатының қайта ұйымдастыруды қолға алдық. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап 70-80 жатын орны бар, ерекше күтімді қажет ететін 150-200 баланы қабылдайтын орталық ашылады. Одан бө­лек, Қостанай мен Рудный қала­ларында инклюзия кабинеттерін ашу жоспарлануда, – деді Білім басқармасы басшысының орын­басары Айжан Баймақанова.

Сондай-ақ Мемлекет бас­шысы мәдениет саласы­ның қызметкер­лерінің еңбекақысы­ның аз екенін айтқан еді. Осыған орай, 2020 жылдан бастап Үкімет кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бағытталған шаралар­ды қолданатын болады.

– Өңірде 3 мыңнан астам мәдениет қызметкерінің жала­қы­сы өседі. Қала мен аудан әкім­діктері еңбекақыны арттыру бойынша жұмыс істеуде. Келер жылдан бастап, шамамен 30 па­йызға артады, – деді Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

Сонымен қатар міндетті әлеу­меттік медициналық сақ­тан­дыру жүйесінің жұмысын түсіндіру мақсатында апта сайын Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде кеңес беру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Денсаулық саласына биыл бюджеттен 53 миллиард тең­ге бөлінді. Биыл тегін кепілден­дірілген медициналық көмек аясында дәрі-дәрмектерге жер­гі­лікті бюджеттен 170 мил­лион теңге қарастырылды. «Ауыл – ел бесігі» аясында Қарасу, Меңдіқара, Сарыкөл, Федоров, Әулиекөл аудандық 5 аурухананың жөндеу жұмыс­та­рына 490 миллион теңге қарас­тырылған. Соңғы жылда­ры өңірде қолға алынған мемлекет­тік бағдарламалар бүгінде өз нәти­жесін беріп, жаңа ғи­марат­тар салынып, саланың ма­териал­дық-техникалық база­сы нығайып келеді. Алайда меди­цина мамандарының тапшы­лығы байқалады.

– Өңірдегі кадрлық жағ­дайды жақсарту мақсатында үлкен жұ­мыс атқарылуда. Бү­гінде ден­саулық сақтау сала­сының мем­лекеттік секторында 15 мың, соның ішінде 1,5 мың дәрігер мен 6 мыңнан ас­там ор­таша білімі бар ма­ман жұ­мыс істейді. Емдеу – диаг­нос­тикалық бағыт­та қыз­мет ететін 360 дәрігер, орта меди­циналық білімі бар 600 маман жетіспейді, – дейді Облыстық білім басқармасының басшысы Вячеслав Дудник.

Өңірге биыл 267 жас маман келген. 50 дәрігерге 75 миллион теңгеден астам көтерме ақы бе­рілді. Лисаков, Арқалық және Қостанай қалаларында бас­па­намен қамтылды.