Пікірсайыста үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін талқылады
Пікірсайыста үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін талқылады
5,279
оқылды
Көкшетау, Степногорск қалалары мен Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Біржан сал, Ерейментау, Жақсы, Қорғалжын, Целиноград ауданында жалпы саны 16 пікір сайыс өтті. Дебат алаңында 68 праймеризге қатысушы өз бағдарламаларымен сөз сайысқа түсіп, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілетін дебатты жалпы саны мыңнан аса азамат тамашалап, 500-ден аса партия мүшесі дебатқа тікелей қатысуға мүмкіндік алды.    width= 14 қыркүйек басталған дебатқа жеребе арқылы анықталған азаматтар қатысып, өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сөз сайысына түсіп жатыр. Олар бірінші кезеңде нақты елді мекендердің мәселесін шешу бойынша өз көзқарастарын білдірді. Ал екінші кезеңде бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп, түрлі тақырыпта ой өрбітті. Мәселен, елорданың іргесінде орналасқан Целиноград ауданының тұрғындарын мазалайтын негізгі мәселелер праймеризге қатысушылардың сайлауалды бағдарламаларында жарық көрген. Әр кандидат өзінің нақты шешімін ұсынса, ерейментаулық праймеризге қатысушылар ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлу керегін жеткізді.    width= Праймеризге қатысушылардың арасында білім саласындағы қордаланған мәселелерді шешуге, Қоянды, Қосшы, Талапкер ауылдарының мәселесін, үш ауысымдағы мектептердің мәселесін шешу бойынша  өз ұсынысын айтқандар болды. Сондай-ақ жол сапасын жақсарту, таза ауызсумен қамтамасыз ету, аулаларды абаттандыру мақсатында елімізде жоқ тәжірибелерді ұсынды. Жалпы, Ақмола облысы бойынша праймеризге қатысуға 854 адам тіркеліп, олар 219-ы дебат алаңында пікірсайысқа қатысып жатыр.