Тұрақты комиссия тұрғындарға жәрдем береді
Тұрақты комиссия тұрғындарға жәрдем береді
326
оқылды

Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы кейінгі кездері елдегі ең өзекті де өткір мәселелердің біріне айналып, қоғамдық пікірлер туындауына өзек болып, жұрт­ты алаңдата бастаған көп­ба­лалы аналар мен әлеу­меттік аз қамтылған отбасы­лар­дың тұр­мыс­тық жағдайын оңалту, баспанамен қамту, жәрде­мақы, атаулы әлеумет­тік көмектерді дер кезінде әрі толық төлеуге баса назар аударып, мүмкіндігінше жағдайды шиеленістірмеуге күш салуда.

Партия филиалы жаны­нан көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың ісі жөніндегі тұрақты комиссия құрылып, іске кірісті. Осы комис­сияның алғашқы отырысы өт­кізіліп, оған Алматы облы­сы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов қа­тысты. Комиссия құрамына есімдері өңірдегі елге жақ­сы танымал, түрлі са­лада та­бысты қызмет атқа­рып жүр­ген 35 адам енгізіл­ді. Об­лыс­тық партия фи­лиа­лы төра­ғасының бірін­ші орын­басары Гүлнар Тойлыбаева комиссия төра­­ғасы болып бекітілді. Ко­миссия білім беру, ден­саулық сақтау, әлеуметтік бағда­рламалар мен жұ­мыс­­пен қамтуды үйлес­ті­ру басқармалары бас­шы­ла­рынан, «Атамекен» кәсіп­­­керлер пала­тасы, ата-ана­л­ар комитеті, іскер әйел­­­дер қауымдастығы мен аналар кеңе­сінің өкілдерінен жасақ­талды.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселе – көпбалалы отба­сылардың бүгінгі жағда­йын анықтап, са­ралау, шы­найы мұқтаж жандарды баспана­мен қамту, жұмысқа ор­наластыру, қолдарынан келетін іс бойынша кә­сіпкерлікпен шұғылдануға тарту мәселелерін ұйым­дастырудың алғышарттары жөнін­де ақылдасқан ко­миссия мүшелері алдағы кез­де жұмысты ретке келтіріп, жоспарды бекіту жайлы ой­ларын ортаға салды. Басты на­зарды Талдықорған қала­­сындағы қордаланған мәсе­­лелерге ғана аудармай, алыста жат­қан шалғай ауыл­дардағы аналар мен бала­лардың жағдайын бірінші кезекте ойластыру қа­жет­і айтылды. Сонымен бір­г­е, комиссия құрамына БАҚ және құқық қорғау са­ласының өкілдерін қосу, осындай тұ­рақты комис­сияларды аудан, қала­ларда да құру туралы ұсы­ныс қолдау тапты. Тұрақты ко­миссия ай сайын отырыс өткі­зіп, атқарылған жұмыстарды қоры­тындылап, алдағы мін­деттерді пысықтап отырмақ.

 

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы