Дағыстанда Муги ауылының тұрғыны 66 жастағы Багама Айгубов 5 сағат жүгіріп, 9,3 келі салмақ тастады. Бұл туралы өңірлік дене шынықтыру және спорт министрлігі Instagram-да хабарлады.
Осындай жетістігінің арқасында ер адам Ресейде Гиннестің рекордтар кітабына енді.
"Оның денсаулығын дәрігерлер тексеріп отырды. Олар жүгіріп келген қарияның қан қысымын тексеріп, қалыпты екенін анықтады. Ол өзін жақсы сезінген", - делінген мәлімдемеде.
Айгубов дағыстандық ардагер спортшы, Ресей, Еуропа және әлемдегі жекпе-жектің әртүрі бойынша жеңімпаз, чемпионат иегері.