Google-cіз Huawei
Google-cіз Huawei
288
оқылды

Смартфондар арасындағы ойын шахматқа ұқсай­ды. Apple iPhone 11-ді таныстырып, бір жеп биге шы­­ғып еді. Көп өтпей Huawei қарсы жүріс жүрді. Осы­­лай­ша, алпауыттар айқасы жалғасып жатыр

19 қыркүйекте Huawei жыл жаңа­лығын таныстырды. Бұл – Huawei Mate 30. Аталған смарт­­фон АҚШ санкциясынан кейінгі компанияның алғашқы өнімі. Huawei аудиториясын барынша сендіруге тырысып жатыр. Компания басшылары Америка тарапынан қысым функцияға әсер етпейтіндей жағдай жасайтынын жеткізді.

Мюнхенде өткен Huawei таныстырылымында смартфон жайында ғана емес, компания­ның болашағы туралы сөз бол­ды. Компания жаңа Huawei Mate 30 және Mate 30 Pro тура­лы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ сағат пен жылдам заряд­талатын аксессуарын көр­сет­ті. 5G желіcі болғанымен, Google-сіз қай бағытта жұмыс істейті­нін мәлімдеді.

Huawei Mate 30 Pro – қазіргі заманға лайықталған смартфон. Телефонда заманауи техноло­гия мен дизайн үйлесім тапқан. Mate 30 Pro-да үлкендігі 6,53 дюймдік OLED экраны, ұзақ уақыт пайдалануға ыңғайлы про­цессор бар. Жаңалығы – төрт камерасы. Естеріңізде болса, жаңа iPhone-да 3 камера бар. Сондай-ақ 5G интернет пен 4,4 мың миллиамперге дейін жылдам зарядтау жүйесін қосыңыз. Корпуста түймелер­дің болмауы, бет сканері мен эк­ран астындағы саусақ ізі құ­ры­­лысы жа­ңар­тылған. Смарт­фон­ды IP68 стандарты бойын­ша су мен шаңнан қорғауға бо­ла­­ды.

Жаңа Huawei Mate 30 Android 10 AOSP нұсқасында жұ­­­мыс істейді. Яғни, жүйе бас­қа телефондағыдай жұмыс іс­тей­­ді. Тек Google сервисінсіз. Опе­­ра­ция­лық жүйеде бәрі бар.

Осы жылдың 9 тамызында Huawei Harmony OS жүйесін та­ныстырды. 5G-ді іске қоса­тын алғашқы смартфон атан­бақ. 2019 жылғы рейтинг бо­йын­ша Apple-ді басып озып, екін­ші орынға тұрақтады. Смарт­­фон нарығының 19,1 па­йы­зы Huawei-дің қолында. Енді Huawei Google-сіз дәуірді бас­тамақ. Қытайлық өнертап­қыш­­тар үшін бұл сөз емес тә­різ­ді. Олар жоспарлы түрде әре­­кет етіп жатыр. Өнімді асы­ға күткендер үшін Watch GT 2 са­ғатын, FreeBuds 3 құлақ­қа­бын, SuperCharge қуаттайтын құрылғысын шығарды. Қуат­тай­тын құрылғыны телефонға тоқсыз жалғайсыз. Бұл – өте тиімді нұсқа. Мұның бәрі смарт­­фонның ашық айқасқа түс­кісі келетінін дәлелдейді. Huawei-дің мақсаты – мінсіз смартфон құрастыру. Демек, бізді IT технологиядағы қызық­ты жаңалықтар күтіп тұр.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ