Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады
© сурет интернеттен алынды
277
оқылды
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
«Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 3 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, 2020 жылғы 20 қыркүйектен бастап Қырғызстанға халықаралық рейстер қайта жаңартылады» делінген хабарламада.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстерді «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Бішкек бағыты бойынша аптасына 2 рейстен жүзеге асырады (сейсенбі, жексенбі). Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.