Алматыда баласын сатқан ана ұсталды
Алматыда баласын сатқан ана ұсталды
265
оқылды

Ол баласын 400 мың теңгеге бағалаған.

23 жастағы келіншек туған баласын 400 мың теңгеге бағалап, таныстарына хабарландыру берген.

Сол арқылы баланы сатып алушы да табылған. Алайда, полицейлер адам саудасымен айналысқан безбүйрек ананы қылмыс үстінде қолға түсірген. 

 Тінту барысында оның қалтасынан 400 мың теңге табылған.

Бұл жайында КТК арнасы хабарлады. Телеарнаның мәліметінше, сәбиін саудаға салған келіншектің жеті жасар тағы бір баласы бар. Ал екіншісін некесіз туғандықтан сатып құтылмақ болған.

Қазір нәресте балалар үйіне өткізіліп, анасы қамауға алынған.