Қайрат Келімбетов Президентке жаңа агенттіктің қысқа мерзімде атқаратын қызметі туралы баяндады
Қайрат Келімбетов Президентке жаңа агенттіктің қысқа мерзімде атқаратын қызметі туралы баяндады
198
оқылды
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Президентке жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құрудың тәсілдері, оның ішінде Агенттік Ережесінің жобасы, штаттық саны мен оның жылдың соңына дейінгі қысқа мерзімде атқаратын қызметі туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды толғандырған мәселелер мен ұсыныстарды сараптап, пысықтауды, сондай-ақ, Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған міндеттерді іске асыруды тапсырды.