Жүк көлігі мен пойыз соқтығысып, адам қаза болды
Жүк көлігі мен пойыз соқтығысып, адам қаза болды
5,215
оқылды

Ақтөбе облысы Шалқар қаласының маңында жүк пойызы мен "УАЗ" маркалы автокөлігі теміржол өткелінде соқтығысып, бір адам қаза болды.

Оқиға болған сәтте жүк пойызы Жезқазған - Бейнеу бағытында жүрген. Полицияның мәліметінше, теміржол өткелінде орналасқан бағдаршам ақаусыз жұмыс істеп тұрған.

УАЗ-дың жүргізушісі бағдаршам рұқсат бермесе де пойыздың алдынан өтіп кеткпек болған. Соның салдарынан 82 жастағы жүргізуші қайтыс болды. Көлікте жүргізуші ғана болған.

Қатты соққыдан көліктен ештеңе қалмаған.

Полиция істің мән-жайын анықтау үшін тергеуді бастап кетті.