1 жылда 1700 шақырымды жүгіріп өткен азамат
1 жылда 1700 шақырымды жүгіріп өткен азамат
214
оқылды

Алматылық саяхатшы 1 жылда 1700 шақырымды жүгіріп өткен.

Алматылық саяхатшы, кәсіби емес атлет Александр Габченко Арал теңізінің жағалауын жүгіріп өтті.

Бурабайдан басталған сапар аясында саяхатшы Қазақстанның сулы, нулы, таулы аймақтарын артқа тастап, бір мың жеті жүз шақырым жүгірген. Бұл әрекеті арқылы желаяқ ішкі туризмді дамытып, еліміздің көрікті жерлерін отандастарына танытуды көздеген. 

  – Арал теңізін осыдан 10 шақты жыл бұрын велосипедпен толық айналып шыққанмын. Бұл жолы жүгірдім. Әсерім ерекше. Жолай түрлі аң-құс, балықтардың сүйектерін таптым, кемелерді көрдім, керемет пейзаж тамашаладым. Жабайы табиғатта тарих тұнып тұр. Көп танысым Аралға келгісі келеді, бірақ баруға сескенеді. Менің айтарым, теңіз айналасында еш алаңдамай саяхат жасауға болады және оған еш өкінбейсіз. Жыл аяғына дейін барлық өңірді аралап шығамын, – дейді Александр Габченко.