53 жастағы ер адам өз үйінде өртеніп кетті
53 жастағы ер адам өз үйінде өртеніп кетті
© Сурет ғаламтордан
166
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында өртенген үйден 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Айыртау ауданының Константиновка ауылында болған. Екі пәтерден тұратын тұрғын үй отқа оранған. Үйдің шатырын, пәтерлердің төбесін қызыл жалын шарпып, бүлдірген. Өрттің жалпы аумағы – 75 шаршы метр. Тілсіз жау үйдің екінші жартысына жетпей ауыздықталып, толық сөндірілді.
«Оқиға орнынан үй иесінің денесін таптық. Өрттің себебі – отты пайдаланғанда абай болмау. Темекінің тұқылы тез тұтанғыш затқа түсіп кеткен», – деп мәлім етті ведомство.