"Біздің болжам бойынша үкімет баспана, білім немесе медициналық қызмет алуға зейнетақы жинағының 30%-ке жуығын шешуге рұқсат береді. Егер адамның шотында 5 миллион теңге болса, оның 30 проценті – 1,5 миллион теңге. Бұл сома, ең болмағанда, бастапқы жарнаға жетеді", - дейді ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Әділ Құсманов.
Қазір бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 триллион теңгеге тарта ақша бар.