«Азғындаған парламент» аукцион арқылы сатылады
«Азғындаған парламент» аукцион арқылы сатылады
5,245
оқылды

«Ұлыбританияда атақты суретші Бэнксидің «Азғындаған парламент» картинасы аукцион арқылы сатылымға шығарылады», - деп жазады 24.kz.

Британ парламентіндегі депутаттарды маймылдармен бейнелеген шулы туындының бәссаудасы келесі аптада өтеді. Бұл - әлемде кенепке бояумен салынған ең үлкен картина. Ені - 4, биіктігі - 2 жарым метр. Бэнкси оны 10 жыл бұрын салған. Алайда Брексит төңірегіндегі оқиғаларға қатысты картинаның өзектілігі тіпті артқан. Сол себепті, «Сотбис» аукцион үйі ол 2 жарым миллион долларға өтеді деп болжап отыр.