Анық-қанық: 5 пайызбен берілетін ипотеканың талабы қандай?
Анық-қанық: 5 пайызбен берілетін ипотеканың талабы қандай?
294
оқылды

Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі алғашқы жарнасыз, 5 пайызбен ипотека беру бағдарламаны жүзеге асырмақ.

Баспана алу үшін жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы жекеменшік компаниялар мен ірі кәсіпорындар, мемлекеттік және коммуналдық мекеме қызметкерлеріне арналған.

Корпоративтік ипотеканың артықшылығы - мекеме қызметкеріне заем береді. Яғни, баспана сатып алу үшін 100 пайыз қажетті қаражаты келісімшарт негізінде береді.

Негізгі тәртібі бойынша біріншіден, мекеме қаржыны банктегі өз шотына құяды. Қаражат кепіл ретінде есептелініп, олар бойынша алдын ала заем беріледі.
Екіншіден, егер Корпоративтік тәсілмен өнімді жергілікті атқарушы органдар пайдаланса, жергілікті әкімдік банкке 8 жылға дейінгі мерзімге жоспарлап бюджеттік несиені ұсынады.

Үшіншіден, қор жинау үшін арналған қаражатты банкке аударғаннан кейін, ұйым жеңілдетілген несиеге үміткер қызметкерлер тізімін жасайды. Банк олардың несиені төлеу мүмкіндігін анықтап, баспана алу үшін алдын ала заем береді. Алдын ала заем 8 жылға беріледі. Заемның ең көп көлемі 45 милллион теңгеге дейін.

Қарыз алушы несиесін өтеген соң, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қор жинау үшін қажетті қаражатты ұйымға қайтарады.

Сондай-ақ, корпоративтік тәсілмен ұйымдар тұрғын үй сертификаттарын беру тәсілімен қызметкерінің алғашқы жарнасын төлеп беруіне болады.