Қаржы министрі: Салықты онлайн төлеу оңай
Қаржы министрі: Салықты онлайн төлеу оңай
5,283
оқылды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Әлихан Смайылов халыққа салықты уақытылы төлеу керегін айтты.

Оның айтуынша, бүгінде салық төлеушілерге төлем жасауда проблема жоқ.

«Біз жүйемізді ірі банктердің бірімен біріктірдік. Халық салық қарызының бар-жоқтығын қосымша арқылы көре алады. Жылжымайтын мүлік, жер учаскесі, көлік салығын қазақ айына дейін тексергені жөн. Мобильді қосымша арқылы салықты оңай, тез төлей алады. Бұдан басқа, салықты салық комитетінің ақпараттық жүйесіндегі жеке кеңсеңізден қарауға да мүмкіндік жасалған. Онлайн төлемді банктер, қосымшалар арқылы төлеуге болады», — деді Әлихан Смайылов.