Әнші Димаш Құдайбергеннің жеке әтірлер желісі салытымға шығады. Франциялық парфюмерлер қазақстандық әншіге арнап иіссу жасаған.
Димаш Құдайберген инстаграм парақшасында: «Кешкі қоңыр самалдан музыка жұпары сезіледі...», — деп Клод Дебюссидің сөзінен үзінді келтіріп, дүниенің ғажабын тек музыкамен емес, жұпар иіспен сезінгісі келетінін жазған.
«Менің қиялыма қанат байлап, ойымның жүзеге асуына көмектескен франциялық керемет парфюмерлер DQ Scent of Music ғажайып әтірлер желісін жасап шығарды!
Біз 2 қазан күні баршаңызға шығармашылық ізденісіміздің жемісін ыстық ықыласпен ұсынамыз және сіздердің пікірлеріңізді, әділ бағалауларыңызды асыға күтемін!», — дейді Димаш Құдайберген.
https://youtu.be/fpBvf3vV0SY
fpBvf3vV0SY