Құдалық өткізгендер құтылмады
Құдалық өткізгендер құтылмады
Фото: Интернеттен алынды
242
оқылды
Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 16 млн 376 мың теңге. 1 материал әкімшілік соттың қарауына жіберілді. Кәсіпкерлік нысандардың негізгі заң бұзушылықтары – дезинфекциялық құралдардың болмауы, жұмыс режимінің, маска режимінің бұзылуы және тағы басқалар. Мысалы, Алматы қаласы Түрксіб ауданының мониторингтік тобы жұмысы барысында «Ламази» мейрамханасында 60 адамға арналған үйлену тойын (құдалық) өткізу заң бұзушылығы анықталды. Осыған ұқсас заңбұзушылық Медеу ауданындағы «Айлина» мейрамханасында тіркелген. Кәсіпкерлердің әрқайсысына қатысты хаттама толтырылып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 17 тамыздан бастап осы уақытқа дейін мониторингтік топтар 9 мыңнан астам тексеріске шықты. Әкімшілік бұзушылықтар туралы 3756 хаттама толтырылды. Өз еріктерімен 1635 нысан қызметтерін тоқтатты. Маска режимін бұзғаны үшін 3366 жеке тұлғаға, оның ішінде Арбат аумағында – 69 адамға айыппұл салынды. Карантин шараларының сақталуын бақылау жөніндегі жеке жұмыс қоғамдық көлікте жүргізіледі. 27 тамыздан бері маска тақпағаны үшін 61 жеке тұлғаға айыппұл салынды.