«Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын 1 қазанға дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз», –министрліктің баспасөз хатшысы Әлібек Абдилов.
Оның айтуынша, жеке тұлғалар жылжымайтын мүліксалығын 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы ағымдағы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі.
Салық заңнамасына сәйкес, тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда ғана әр күнге өсімпұл есептеледі.