Оның айтуынша, жеке тұлғалар жылжымайтын мүлік салығын 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы ағымдағы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі. Салық заңнамасына сәйкес, тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда ғана әр күнге өсімпұл есептеледі.«Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын 1 қазанға дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз», –министрліктің баспасөз хатшысы Әлібек Абдилов.