Тойдың кесірінен 7 адам коронавирустан қайтыс болды
Тойдың кесірінен 7 адам коронавирустан қайтыс болды
© сурет интернеттен алынды
5,197
оқылды
Америка Құрама Штаттарының Мэн штатында тойдан соң қайғылы жағдай болды. Тойға қатысқан 7 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Миллинокет қаласындағы Big Moose Inn қонақ үйінде болған тойға 65 адам қатысқан. Тойдан кейін 175  адам коронавирус жұқтырған. Оның 7-еуі індеттен көз жұмды.
«Штаттың маңындағы барлық елдімекен тұрғындарына үйлену тойына барғандар коронавирус жұқтырған. Мэр штатында наурыздан бері бес мыңдай адам коронавирусқа шалдыққан», - деп хабарлады коронавирусты бақылау және оның алдын алу орталығы.