Қытайда белгісіз динозаврлардың қаңқасы табылған
Қытайда белгісіз динозаврлардың қаңқасы табылған
© Сурет авторы PeerJ
498
оқылды
Ляонин провинциясында (Қытай) жергілікті фермерлер жер асты үңгірінен бұрын белгісіз динозаврлардың қалдықтарын тапты, – деп хабарлайды Live Science. Екі жануар да алаңсыз ұйықтап жатқан сияқты көрінді. Сондықтан ғалымдар бұл түрді Changmiania liaoningensis, яғни  "Ляониннен мәңгі ұйқы" деп атады, [caption id="attachment_72909" align="alignnone" width="740"]динозавр © Сурет авторы PeerJ[/caption] Динозаврлар 125 миллион жыл бұрын жанартау атқылауынан жазым болған деген болжам бар. Жануарлар ұйықтап жатқан апанның бетін тастар жауып қалып, сондықтан олар бетіне шыға алмады деп ойлайды ғалымдар. Тірі кезінде динозаврлардың ұзындығы бір метрден артық, ұзын, иілмейтін құйрықтары бар болған. Талдаулар бұл түр ерте орнитоподтарға жатады көрсетті. Бұл қос аяқты шөпқоректі динозаврлар.
"Қаңқаның кейбір сипаттамалары Changmiania қазіргі қояндар сияқты ін қазуы мүмкін деп болжайды. Оның мойны мен білектері өте қысқа, бірақ жауырындары өте күшті. Бұл ін қазатын омыртқалыларға тән. Сондай - ақ, оның тұмсығының жоғарғы бөлігі күрек тәрізді", - деді Бельгия корольдік жаратылыстану институтының аға ғылыми қызметкері Паскаль Годфруа.
[caption id="attachment_72910" align="alignnone" width="582"]динозавр © Сурет авторы PeerJ[/caption] Табылған қалдықтар Ляонин палеонтологиялық мұражайында сақтаулы.