Алматыда сәбиді аман алып қалу үшін 27 дәрігер отаға атсалысқан

Алматыда сәбиді аман алып қалу үшін 27 дәрігер отаға атсалысқан

Балада туабітті жүрек ауруы болған.

«Сәби өлім мен өмірдің ортасында тұрғандықтан шұғыл ота жасалды. Операция 2 сағатқа созылған. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты», – деді орталықтың директоры Ғани Бодықов.

Баланың өмірін ажалдан арашалап қалу үшін жансақтау бөлімінде 27 дәрігер отаға атсалысқан. Қазір шақалақтың денсаулығы жақсарған. Дәрігерлердің бақылауында анасымен бірге ем алып жатыр.