Өрттің шығуына себеп болған негізгі жағдай – қауіпсіздікті сақтамау. Жағдайға салғырт қарау салдарынан улы газ түзіліп, мұның соңы көбіне қайғылы оқиғаға алып келеді.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда төмен. Дегенмен биыл қызыл жалыннан зардап шеккендер саны күрт артқан. Мәселен, өткен жылыту маусымында 28 адам газдан уланған. Сарапшылар адам өлімінің 75 пайызы көгілдір отынды дұрыс пайдаланбағаннан екенін айтады. Көп жағдайда улы газдың түзілуіне өрт қауіпсіздігінің сақталмауы себеп. Алматыда қатты отынмен жылынатын 1900-ге жуық тұрғын үй бар. Оның 605-інде халықтың әлеуметтік осал тобына жататан отбасылар тұрады.
«3 жылдың ішінде 1181 датчик орнатылды. Бұл датчиктер көбінесе халықтың әлеуметтік жағынан осал және тұрмысы қолайсыз топтарының үйлерінде орнатылады. Сонымен қатар, тұрмыста өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау туралы 3722 жадынама таратылды. Бұрын орнатылған датчиктердің жұмысқа қабілеттілігі мен оларға техникалық қызмет көрсету тексерілді», – деді қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Арман Байгелов.
Орын алған жағдайға сараптама жасаған мамандар жылыту маусымында сақтық шараларына бей-жай қарамауға кеңес береді.