ҚХЛ "Барыс" командасының хоккейшілерінен коронавирус анықталды деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Спорт порталының мәліметінше, "Барыстың" 18 қыркүйекте ригалық "Динамо", 20 қыркүйекте "Северсталь", 22 қыркүйекте "Металлург", 21 қыркүйекте "Куньлунь", 29 қыркүйекте "Витязь" және 1 қазанда "Сочи" командаларымен өтуі тиіс ойындары кейінге шегерілді.
"Команда сапында 12 адамнан коронавирустың шығуына байланысты ұжым екі апталық карантинге жабылады. Кейінге шегерілген ойындар енді қашан өтетіні туралы Құрлықтық хоккей лигасы басшылары алдағы уақытта қосымша ақпарат береді", - делінген лига таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін ҚХЛ-да өнер көрсететін "Йокерит" командасының бес ойыны кейінге шегерілген болатын.
"Барыс" командасы болса бұл мәселеге қатысқы әлі ешқандай мәлімдеме жасамады.