Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 15-20, 23 метр болады.
17 қыркүйекте Ақмола облысында жаңбыр, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метр күтілуде.
17 қыркүйекте Ақтөбе облысында желдің екпіні секундына 15-20, 18 метр күтілуде.
17 қыркүйекте Алматы облысында найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде,
17 қыркүйекте Атырау облысында екпіні секундына 15-20 метр жел күтілуде.
17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, екпіні секундына 15-20 метр, 23- 28 метр жел күтілуде.
17 қыркүйекте Жамбыл облысында екпіні секундына 15-20 метр,23-28,30 және одан қатты жел күтілуде.
17 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде.
17 қыркүйекте Қарағанды облысында қатты жаңбыр, екпіні секундына 15-20 метр,23-28,30 және одан қатты жел күтілуде.
17 қыркүйекте Қостанай облысында тұман, желдің екпіні секундына 15-20, 23 метр болады.
17 қыркүйекте Қызылорда облысында найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20, 23 метр. Күндіз өрт қаупі өте жоғары.
17 қыркүйекте Маңғыстау облысында шаңды дауыл, екпіні секундына 15-20 метр жел күтілуде.
17 қыркүйекте Павлодар облысында найзағай, дауыл, бұршақ, кей жерлерде қатты жаңбыр, екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 25 метр жел күтілуде.
17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23-28 метр.
17 қыркүйекте Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл, екпіні секундына 15-20, 25 метр жел күтілуде.
Төтенше жағдайлар министрліті азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.