«Бұл дәрігердің бейне-кеңесін алу мүмкіндігі бар COVID-19 вирусын емдеу бойынша бірегей қызмет. Ол үшін МАЖ-мен интеграцияланатын бағдарламалық жасақтама әзірленуде. Телемедицина орталығының дәрігері бейне-кеңес жүргізеді, науқастың жағдайын бағалайды, емдеуді тағайындап, науқастың электрондық картасына өзгерістер енгізіп отырады. Бұл сонымен қатар барлық COVID-19 жағдайларының бірыңғай электрондық базасы», – деп түсіндірді К.Надыров.Сондай-ақ, осы орталықтың маңызды функцияларының бірі – науқастардың карантиндік режимін сақтауын бақылау. Орталық қызметкерлері амбулаториялық деңгейде ем алып жатқан науқастарға бейне қоңырау шалуды тұрақты түрде жүргізеді және науқастардың осы санаты өз үйінен кетпеуін және үйде барлық қажетті ем қабылдағанын қадағалайды.
«Үй режимінің бұзылуы анықталған жағдайда, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаментіне тиісті сигнал беріледі. Одан әрі қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай тәртіп бұзушыға айыппұл жазылады. Тәртіпті дөрекі бұзушыларға қаланың ковидті емханаларының біріне мәжбүрлі түрде жатқызу жөніндегі шаралар қолданылады. Бұл өте маңызды жайт, өйткені біздің міндетіміз – қалада инфекцияның таралу қаупін барынша төмендету», – деп сөзін қорытындылады ол.
Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ