Елбасы кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысып, сайлау процесіне қатысу үшін "Праймериз" ақпараттық жүйесіне тіркелді. Бұл туралы еліміздің Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысып, сайлау процесіне қатысу үшін "Праймериз" ақпараттық жүйесіне тіркелді. Партияның праймеризіне онлайн-дауыс беру шарасы 1-3 қазанда өтетіні белгілі", - деп жазды ол.