«Алдын ала келісілген футбол» – ойынды сату үшін Смақовқа 500 мың доллар ұсынды
«Алдын ала келісілген футбол» – ойынды сату үшін Смақовқа 500 мың доллар ұсынды
212
оқылды
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов өзінің бір сұхбатында жарты миллион долларға келісілген ойынға қатысуға ұсыныс түскенін мойындады. Бұл туралы aikyn.kz тілшісі vesti.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды. Капитанның айтуы бойынша ақша құны аз болмаған – жарты миллион доллар. Ұлттық команда немесе клубтық деңгейдегі клуб екендігі толық айтылмады.

«Олар менімен байланысып жарты миллион доллар ұсынды. Бізден ойынды сатуды сұраған жоқ, тек белгілі нәтижеге ойнауымыз керек еді. Біздің футболда әрдайым осылай болған: ұтылдың – сатып алды, ұттың – сатып алдың. Бұл тек біздің футболда емес, барлық елдің чемпионаттарында кездеседі» – деді экс-футболшы.

Самат Смаков өзінің футболшы мансабын 2017 жылы аяқтаған. Алдыңғы екі маусымда 41 жастағы экс-футболшы «Ақтөбе» клубына директор болды.