Оралда 16 жасар қыз төртінші қабаттан секіріп кетті

Оралда 16 жасар қыз төртінші қабаттан секіріп кетті

Оралда төртінші қабаттан секірген 16 жасар қыз аман қалды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Оқиға 16 қыркүйек күні кешкісін Ә.Молдағұлова көшесі 9-мекенжайында болды. Қыз бас сүйегінен жарақат алып, миы шайқалған. Оң жамбасының ұшы сынған.

"Қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы орташа ауыр. Диагнозы – жамбасы мен иығы сынған, жабық бас-ми жарақатын алған",- делінген хабарламада.