Нұр-Сұлтанда 20 қыркүйек, жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.
"Жексенбі күні, 20 қыркүйекте елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді", - делінген хабарламада. ⠀Дүйсенбіден бастап 21 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар жолға шығады.