Алматы ажарлана түседі
Алматы ажарлана түседі
Фото: Интернеттен алынды
5,321
оқылды
Шаһардың тарихи келбетіне нұқсан келтірмей, ескі үйлердің орнына жаңа, сәнді ғимараттар тұрғызу бас жоспарда бар.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Реновация бағдарламасы мыңдаған қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мен құрылыс саласына инвестиция тартуға бағытталғанын айтады.    width=

«Қалада 1444 ескі үй бар. Соның 609-ы Түрксіб ауданына тиесілі. Мұнда «Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» 62 пәтерге арналған 5 қабатты екі үй тұрғызды. Үш ескі үйдің (42 пәтер) орнына инвесторлардың күшімен 152 пәтерлік 7 үй бой көтереді. Осипенко көшесінде 59 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Сондай-ақ жеке инвестордың есебінен 30 ескі екі қабатты үйдің орнына 1252 пәтерге арналған 26 заманауи бес қабатты ғимарат салу жоспарлануда», –  дейді қала әкімі.

«Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» Түрксіб ауданында реновция жобасын Сауранбаев – Молдағалиев – Чернышевский – Толстой көшелері  аумағында  іске асыратын болады. Жеке инвестор ауқымды жоба бойынша жаңа үйлерді осыдан 60 жыл бұрын салынған екіқабатты ескі үйлер тұрған  Сейфуллин даңғылы – Ақан сері – Кассин – Котельников көшелерінің аумағында салатын болады.    width= Медеу ауданында да бірқатар жағымды жаңалықтар орын алмақ. 21 пәтерге арналған ескі үш үйдің орнында 303 пәтерлі 6 үйдің құрылысы аяқталып қалды. Жетісу ауданында 70 пәтерлі 8 ескі үйдің орнына инвесторлармен бірге 489 пәтерлі 7 үйдің құрылысын бастау жоспарланған.