Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша, жылыту маусымының жұмысын үздіксіз жүргізу үшін орталық 35 қазандыққа күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Жөндеу жұмыстары 91%-ке аяқталған. Барлығы жоспарға сай болса, алдағы қазанның 145-не дейін түгел әзір болады. Басты назар бюджеттік сала нысандарында төтенше жағдайлар туындап қалмауына аударылуда. Қазіргі кезде осы салада 2 002 нысанды қысқа дайындалуда. Олардың 1 072-сі білім беру, 592-сі денсаулық сақтау және 338-і әлеуметтік нысан. Орталық қазандықтарды кеңейту және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша Көксу ауданындағы Балпық би ауылына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 256,5 миллион теңге бөлінді. Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ кенті, Қараталдың орталығы Үштөбе, Сарқан қалаларына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 223,2 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ Ескелді ауданы мен Қапшағай қаласында 8,2 шақырым жылу желілерін қайта төсеу және салу бойынша 4 жобаны іске асыруға 1,24 миллиард теңге бөлінген. Оның 1,06 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 176,4 миллионы жергілікті бюджеттен. Қазандықтарды газ жүйесіне көшіру жұмыстары бойынша облыстың 4 Ескелді ауданында – 1, Талдықорған қаласында – 2, Қапшағай қаласындағы 1 қазандыққа 3,3 миллиард теңге бөлінді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 3 жоба жүзеге асырылуда. Энергетикалық компаниялар үшін қалыпты отын қорының қалыптасқанын ерекше атап өтуге болады. Биыл барлығы 379,5 мың тонна көмір сатып алу жоспарланса, оның 142,4 мың тоннасы бюджет есебінен алынады. Сонымен бірге 35,1 мың тонна мазут сатып алынады. Оның 21,5 мың тоннасы бюджет есебінен қаржыландырылмақ.
Болат АБАҒАН, Алматы облысы