Құмар Ақсақалов: Партия мүшелері ауыл-ауылды аралап, елдің мәселесін шешуі керек!
Құмар Ақсақалов: Партия мүшелері ауыл-ауылды аралап, елдің мәселесін шешуі керек!
394
оқылды

Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудандық қоғамдық қабылдаулардың жұмысын сынға алды.

Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудандық қоғамдық қабылдаулардың жұмысын сынға алды.

Олардың жұмысының төмен деңгейі мен филиалдарда халықты өтінішімен қабылдағысы келмеген депутаттар, аудан әкімдері және мемлекеттік органдар басшыларының жұмысын сынады.

Қоғамдық қабылдауларды өткізу мәселесі партияның облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралған еді. Биыл аймақта 8 айда 2608 азамат қоғамдық қабылдауға келсе, оның 30 пайызының мәселесі оң шешімін тапқан. Былтыр 2458 азаматтың проблемасы шешілген.

Азаматтарды қабылдау жүйелі жүргізілсе де, аудандық партия филиалдарының төрағалары, яғни аудан әкімдері, сондай-ақ олардың орынбасарлары халықты қабылдауды ұйымдастыруда кемшіліктер бар.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдамайтын аудан әкімдерін жауапқа тартуды ұсынды.

— Фракция депутаттары, партияның аудандық филиалдардың төрағалары мен депутаттары азаматтардың көкейкесті мәселесіне айрықша назар аударуы қажет. Облыстық филиалға олардың жұмысын қадағалауды тапсырамын. Жетекшілерді жауапкершілікке тарту қажет. Олар барлығына жауапты», — деді Құмар Ақсақалов.

Оның пікірінше, қоғамдық қабылдаулар - азаматтардың мәселелерін шешудің тиімді механизмі. Партия белсенділері көмекке жүгінген әр тұрғынның проблемасын тыңдап, мұқият мән беруі керек.

«Партия мүшелері азаматтардың мәселесіне бей-жай қарамай, проблеманы үнемі бірлесіп шешуі қажет. Олар өздері ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесіп, мәселелерін шешуі тиіс. Көптеген елдімекен аудан орталықтарынан алыс орналасқан. Сондықтан халық проблемасын, көкейкесті сұрағымен аудан орталығына келуін күтудің қажеті жоқ.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықпен жұмысты жаңаша бағытта, жылдам істеу керек екенін айтқан болатын», — деді Құмар Ақсақалов.

Мәселені талқылаған партияның облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Құмар Ақсақалов бірқатар қиын жағдайлардың барын атап өтті. Мәселен, жергілікті жерде қазына қаражатын пайдалануды бақылаудың жеткіліксіздігі, партия мүшелерінің нашар жұмысы, елмен тығыз байланыстың нашарлығы.

Жиын соңында Құмар Ақсақалов депутаттар өздерінің партиялық жауапкершілігін ұмытпауы керегін баса айтты, бірінші орынбасары Әсем Рахметоваға барлық мәселелерді жан-жақты қарап, шешуді тапсырды.